Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде жұбайының фотосын жариялады

Танымал қазақстандық әнші Мақпал Исабекова отбасылық өміріне қатысты құпияны ашты.

Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде жұбайының фотосын жариялады
718

Ол әлеуметтік желіге жолдасының фотосын жүктеп, көпшілікке жұбайын таныстырды, деп хабарлайды turkystan.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай әншінің жолдасының аты-жөні – Радион Викторович. Алайда ұлтының кім екені жазылмаған. Бүгінде отбасылық жұптың Теодор есімді ұлы және Илая есімді қызы бар.

Мақпал Исабекова 2021 жылдың шілде айында тұрмысқа шыққан. Әнші мен жолдасы Шымкент қаласында кездейсоқ танысқан. Бүгінгі күні олар екі баланы тәрбиелеп, бақытты ғұмыр кешіп жатыр.

Исабекова өзінің ерекше дауысы мен жарқын бейнесімен елге танылған өнер иесі. Оның шығармашылығы мен сахнадағы өмірі көпшіліктің назарын аударып келеді. Алайда әнші жеке өмірін көп жария ете бермейтін, сондықтан бұл жаңалық тыңдармандар үшін күтпеген жаңалық болды.

Серіктес жаңалықтары