Таразда 24 жастағы жігітті өлтірген күдікті ұсталды

/
Таразда 24 жастағы жігітті өлтірген күдікті ұсталды
istockphoto.com

Тараз қаласында Абай көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған шабуылдан кейін 24 жастағы жігіт қаза тапты. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 3 қазанда сағат 17:00 шамасында болған. Куәгерлер полицияға бірнеше адамның бір жігітке пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлаған. Алған жарақаттарының салдарынан жігіт оқиға орнында көз жұмған.

«Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары