304
«Отау» және «Наурыз» бағдарламаларына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Несие рұқсат етілсе тездетіп, 29 қарашаға дейін баспана тауып, сатып алуы керек
Отбасы банкі өтінім қабылдау уақытын 31 қазанға дейін ұзартты. Бұған дейін 18 қазан деп белгіленген. Бұл бағдарламаның қосымша тізіміне енген 9 мың адамға да қатысты.
Енді төлем қабілеттілігін растап, несиені мақұлдату үшін екі апта уақыт бар. Несие рұқсат етілсе тездетіп, 29 қарашаға дейін баспана тауып, сатып алуы керек.
Бағдарламалардың шарты:
алғашқы жарна - 20%-дан бастап;
үй кезегінде тұрған осал санаттар үшін мөлшерлеме - 7%
барлық санаттары үшін мөлшерлеме - 9%
несие мерзімі - 19 жылға дейін.
Ең жоғарғы сома:
- Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін.
- қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.