Жітіқарадағы өрт: Қостанай облысының әкімі пікір білдірді

Ол үйде газ тетігі орнатылғанын, оны құтқарушылар тамыз айында тексергенін айтты.

Жітіқарадағы өрт: Қостанай облысының әкімі пікір білдірді
Ғаламтор
438

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов 5 бала қаза тапқан Жітіқарадағы өртке қатысты пікір білдірді.

Әкім бұл туралы Рудный халқымен кездесуде айтқан. Рудныйға шұғыл жиналыс өткізіп, Жітіқарадан келген.

«Комиссия оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады. Мұндай жағдай қайталанбауы керек. Қазір осындай қайғылы жағдайларға жол бермеуге тиіс болған қызметтердің бәрін жасаған-жасамағанын тексереміз. Есепте тұрған отбасыларды газ-анализаторларымен қамтамасыз етуіміз керек. 2019 жылы онда газ-анализатор орнатылған. Ол жұмыс істеп тұрған. Ол үй тамызда тексерілген. Барлық мән-жайды комиссия тексереді. Осындай қайғылы оқиға орын алды. Кешірім сұраймыз», - деді әкім.

 

Ол қаралы отбасына көмек көрсетілетінін де жеткізді.

«Бірер күнде барлық қажетті техникасымен жаңа үй сатып алынады. 1-2 күнде жасаймыз. Күйеуі абақтыда, әйелі қаладағы дүкендердің бірінде жұмыс істеген», - деді ол.

Айта кетейік, отбасы аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы алып отырған. Мектеп те киім беріп көмектескен, тегін тамақ берілген.

Тергеу барысын бас прокурор жеке бақылауына алды.

Серіктес жаңалықтары