291
Атырауда 8 жастағы қызға қақпа құлап кетті
Бүлдіршін ауруханаға жатқызылды.
Атырауда 8 жастағы қыз балаға қақпа құлап кетті, деп жазады turkystan.kz.
Мектеп оқушысы 8 қазанда облыстық аурухананың реанимациялық бөлімшесіне жеткізіліп, «ауыр дәрежедегі ми шайқалуы» деген дагноз қойылған.
«Жағдайы аса ауыр. Пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - деді Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бұл факті бойынша кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.