Батыр Жүкембаев әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Бұл туралы боксшы әлеуметтік желіде жазған.

Батыр Жүкембаев әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Ашық дереккөзден алынған
524

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) сол дивизиондағы WBC чемпионы, Доминикан Республикасының спортшысы Альберто Пуэллоға (23-0, 10 КО) қарсы рингке шыққысы келетінін айтты, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол өзінің X әлеуметтік желісінде: «Маған осы WBC нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуі керек. Альберто Пуэлло, жасайық» - деп жазды Жүкембаев.

Бұл жазбада ол WBC, оның президенті Маурисио Сулайман және ProBox TV парақшаларын белгіледі.

Батыр Жүкембаев кейінгі жекпе-жегін 22 мамырда Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өткізді. Онда ол украиналық Иван Редкачты (24-8-1, 19 КО) нокаутқа түсірді. Бірінші жартылай орта салмақ санатындағы WBC рейтингінде «777» 29-қатарда орналасқан.

Серіктес жаңалықтары