Қостанай тұрғыны 2 млрд теңге тұратын киік мүйізін сақтағаны үшін сотталды

Сотталушы киік мүйіздерін Астанадан Қостанайға жеткізбек болған.

Қостанай тұрғыны 2 млрд теңге тұратын киік мүйізін сақтағаны үшін сотталды
istockphoto.com
Автор
Админ
187

Жүргізуші жалдап, киік мүйіздерін автокөлікке салып, Қостанайға әкеле жатқан жолда оны құқық қорғаушылар тоқтатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Одан 823 мүйіз тәркіленді. Мүйіздердің жалпы құны 2 млрд теңгені құрайды. Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ.

«Тұлғасын, мінезін және жасаған ісінің қоғамға қауіптілігін, кішкентай балаларының болуын ескере отырып, ол сегіз жылға бас бостандығынан және 5 жылға аңшылықпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды», - деді Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары