Атырауда 5-қабаттан құлап кеткен 2 жасар бала аман қалды

Баланың дәрігері, хирург Әділбек Дүйсенғалинның айтуынша, баланың беті бері қараған, тыныс ала алады.

Атырауда 5-қабаттан құлап кеткен 2 жасар бала аман қалды
istockphoto.com
277

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 2 жасар нәрестенің өмірін аман алып қалды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Баланың дәрігері, хирург Әділбек Дүйсенғалинның айтуынша, баланың беті бері қараған, тыныс ала алады. 

«Бала аурухана түскенде көптеген диагноздар қойылды. Бассүйек жарақатын, екі өкпесінің тұсы зақымданған, сондай-ақ дене жарақаттарын алған. Қазіргі кезде ем-домдар жасалып жатыр. Әрі қарай емі палатада жалғасады», - дейді дәрігер Әділбек Дүйсенғалин. 

Баланың анасы ақ халатты жандарға алғысын жеткізді.

«Сол күні балам ата-әжесімен болған. Ашық қалған терезенің торын басып қалып, құлап кеткен. Біз жолдасымыз екеуіміз кез келген жағдайға дайын болдық. Өйткені мұндайдан кейін жазылып шығу ғажайыппен тең. Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында баламның жағдайы жақсара бастады. Олар баланың жағдайының бәрін бізге жеткізіп отырды. Ақ халатты жандар балама екінші өмір сыйлады»,- дейді баланың анасы. 

Серіктес жаңалықтары