427
Теннисші Әмір Омарханов карьерасындағы алтыншы жүлдені жеңіп алды
Қытай астанасында жасөспірімдер арасындағы ITF J300 BEIJING 2024 CHINA OPEN турнирі аяқталды.
18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингіде 15-орында тұрған Әмір Омарханов финалда ұлыбританиялық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) жеңді, деп хабарлады turkystan.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғашқы сетте Оливер тай-брейк арқылы жеңіске жетті, келесі екі партияда Әмір басым түсті – 6:0, 6:4.
Бұл - қазақстандық теннисшінің ITF Juniors турнирлеріндегі жекелей сын бойынша алтыншысы жүлдесі. Бұған дейін Қарағанды теннис мектебінің түлегі Тайландта (J300), Кореяда (J300), Египетте (J100), Грузияда (J60) және Қарағандыда (J60) жеңіске жеткен еді.