Қырғыз-өзбек шекарасына қатысты келіссөздер сәтті өтті

Қырғыз-өзбек шекарасына қатысты келіссөздер сәтті өтті

Қырғыз-өзбек шекарасына қатысты келіссөздер сәтті өтті
ашық дереккөзі
Ош қаласында Қырғызстан мен Өзбекстанның үкіметтік делегацияларының мемлекеттік шекараны анықтауға қатысты он күндік келіссөздері сәтті аяқталды. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Келіссөздер кезінде тараптар даланы бірге зерттеп, геодезиялық өлшемдерін алған. Өзбекстанның Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарының Қырғызстанның Баткен, Жалалабад және Ош облыстарымен шекарасындағы даулы аудандар зерттелген. Келіссөздер қорытындылары бойынша хаттамаға қол қойылды. Қырғыз-өзбек шекарасының жалпы ұзындығы 1378 шақырым, соның 320 шақырымының мәртебесі әлі анықталмаған. Соның салдарынан шекарадағы даулы аудандарда түрлі жанжалдар болып тұрды.