Бауыржан Әленов ІІМ министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бауыржан Әленов ІІМ министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
gov.kz
Автор
Админ
214

Бауыржан Төлегенұлы 1976 жылы 8 қарашада Көкшетау облысында дүниеге келген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1997 жылы Көкшетау қаласында бастаған.

2013 жылы Ақмола облысының Ішкі істер департаментінің Көкшетау қаласы бойынша Ішкі істер басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2015-2018 жылдары Ақмола облысының Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары болды.

2019 жылдан бастап Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтерінде басшылық қызметтер атқарды.

2022 жылдың тамызында Алматы облысының Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары