330
«Заң мен әдептің сақталуы – басты назарда» – Әдия Батырбаева
Талдықорған қаласындағы №431 учаскеге байқаушы болып тіркелген «АМАNАТ» партиясының мүшесі Әдия Батырбаева дауыс беру кезінде ешқандай құқық бұзушылық байқалмағанын мәлім етті.
«Дауыс беру процесінің әділ және таза өтуін бақылап отырмын. Заң мен әдептің сақталуы – басты назарда.
Көктал шағын ауданың тұрғындары референдумға белсенді атсалысып жатыр. Жас ерекшеліктеріне қарамай бәрі дауыс беріп, белсенділік көрсетіп жатыр. Дауыс беру кезінде ешқандай құқық бұзушылық байқалмады. Референдум бір қалыпты өтіп жатыр.
Дауыс беру – әркімнің азаматтық борышы мен міндеті. Әркім таңдау жасауға құқылы және оны осындай тағдыршешті сәтте пайдалану керек», – деді ол.