Референдум: Атырау облысында 22 сәби дүниеге келді

Референдум: Атырау облысында 22 сәби дүниеге келді
www.istockphoto.com
282

Бүгін Атырау облысында 12:00-ге дейін 22 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Облыстық перинаталдық орталықта 10 шақалақ дүниеге келді. Арасында егіз бар. Қалалық перзентханада да 10 келіншек босанды. Ал 2 сәби Жылыой мен Махамбет ауданында туылды. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтың айтуынша, кішкентайлар мен олардың аналарының жағдайы жақсы.

Серіктес жаңалықтары