Ұлы дала рухы: дауыс беруге келген халықты алып азаматтар қарсы алды
Алматыдағы №173 мектеп-лицейде орналасқан №585 сайлау учаскесінде алматылықтарды бойлары екі метр алып азаматтар қарсы алды. Осы акцияны ұйымдастырушылар азаматтарды көшпенділер әлемінің атмосферасын сезінуге ықпал етті.
Біз референдум болатын маңызды күнге назар аударғымыз келді. Меніңше, әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашағы туралы ойлануы тиіс. Сондықтан бүгінде әркімнің өз пікірін білдіруі өте маңызды. Мен өзім дауыс бердім, туған жерімнің болашағына ерекше мән беремін, – деді батырлардың бірі Самат Шамрат.
Сайлаушылар үшін учаскеде алыптарды кездестіру өте жағымды тосынсый болды. Сіз күн сайын мұндай ержүрек батырларды көре алмайсыз, олар кітап беттерінен шыққан кейіпкерлер сияқты, деп атап өтті қала тұрғындары.
Бұл өте ерекше! Бірден көңіл күй көтерілді. Референдум – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды күн және ұйымдастырушылардың оны ұмытылмас етуге тырысқаны қуантады, – дейді қала тұрғыны Зульфия Алтынбекова.
2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу бойынша республикалық референдум басталды. Бүгін дауыс беруге арналған 10 323 учаске, оның ішінде әлемнің 59 еліндегі шетелдік мекемелер жанынан ашылған 74 учаске жұмыс істеуде. Дауыс беру тізіміне дауыс беруге құқығы бар 12 млн 244 мың 683 азамат енгізілді. Референдумды 30 шет мемлекеттен және 4 халықаралық ұйымнан 177 бақылаушы бақылайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа 2024 жылғы 2 қыркүйекте қол қойған болатын.