228
Әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр
Қазір әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәстүр бойынша Азия елдерінде алғашқы учаскелер ашылды. Бірінші болып Жапония мен Оңтүстік Кореяда учаскелер өз жұмысын бастады. Олардан кейін Қытай, Сингапур, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Вьетнам мен Индонезияда учаскелер ашылды. Дауыс беру процесі Ресей, Үндістан, БАӘ, Оман, Әзербайжан, Армения, Грузия, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстанда да белсенді жүріп жатыр. Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінде жақын арада учаскелер өз жұмысын бастайды.