Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин референдумда дауыс берді

Ол сондай-ақ референдумның маңызы жайлы ойын айтты.

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
Ашық дереккөзден алынды
165

Мемлекеттік хатшы Астанадағы Ұлттық кітапханада орналасқан №164 учаскеге барды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ерлан Қарин референдум ел экономикасының алдағы онжылдықта даму перспективаларын айқындайтынын айтты.

Сондай-ақ, ол Қазақстан ТМД көлемінде және Орталық Азия кеңістігінде дәл осы тақырыпта сауалнама жүргізіп отырған алғашқы және жалғыз ел екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогтың кеңеюіне ықпал етеді. Бұдан бөлек қоғам дамуының және саяси мәдениеттің қалыптасуындағы жаңа кезеңдерге жол ашады.

Серіктес жаңалықтары