353
Ақтауда бір топ жасөспірім көшедегі адамдарды ұрып-соққан
Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Ақтауда жастар көшеде кетіп бара жатқан адамдарды жабылып ұрған, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 4 қазанда болған. Полиция департаменті күдіктілер қолға түскенін хабарлады.
Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Заңды өкілдер кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке (ҚР ӘҚБтК 127-бабы) тартылды. Жаза бойынша 10 АЕК, яғни 36 920 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүріп жатыр.