Жаңбыр, тұман: 5 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, тұман: 5 қазанға арналған ауа райы болжамы
istockphoto.com
482

Қазгидромет 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

ҚР көп бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады, таңертең және түстен кейін оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшеюі күтіледі, түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман болады.

Қарағанды, Абай облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жамбылоблысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарыныңсолтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, орталығында, шөлді аудандарда, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағандыоблысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары