Сондерс: Головкиннің өз еліндегі ең қорқынышты түсі боламын

Сондерс: Головкиннің өз еліндегі ең қорқынышты түсі боламын

Сондерс: Головкиннің өз еліндегі ең қорқынышты түсі боламын
ашық дереккөзі

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін Қазақстанға келуге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды prosports.kz.

«Головкин қартайып келеді. Жасы 35-ке жақындады. Ол қарапайым адам екенін көрсетті. Оның арманындағы жекпе-жек -менімен жұдырықтасу. Мен оның өз еліндегі ең қорқынышты түсі боламын. Қазақстанға барамын. Егер, расымен де, жұдырықтасқысы келсе, келісім-шарт жіберсін. Твиттерде Том Леффлермен сөйлестім, ол келісім-шарттың өткен аптада дайын болғанын айтады. Онымен 11 аптадан соң кездесуге дайын боламын деп уәде беремін. Бұл кездесуді Қазақстанда өткізуге келісемін», - деді Билли.

Бұған дейін Головкин – Сондерс кездесуі маусымда Астанада өтуі мүмкін екені хабарланған болатын.