Қазфосфатқа 10 млн теңге айыппұл салынды

Компания сұйық оттегіге жоғары баға қойған.

Қазфосфатқа 10 млн теңге айыппұл салынды
Ғаламтор
Автор
Админ
254

Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті  2024 жылы жүргізген жұмыстарының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы уақытқа дейін департамент 5 тергеу жүргізген. Оның бірі «Қазфосфат» ЖШс-ға қатысты.

Департамент мәліметінше компания сұйық оттегі бағасын 36 460 теңгеден 102 320 теңгеге негізсіз көтерген. Нәтижесінде компанияға 9,5 млн теңге айыппұл салынды.

Бұған дейін де экологтар «Қазфосфат» ЖШС-ны тексеру кезінде заң бұзушылықтарын анықтаған болатын.

Серіктес жаңалықтары