«Мемлекет көмектеседі деп тудыңыз ба?»: Баян Мақсатқызы көпбалалы аналарды сынға алды

Бірінші күйеуінің көзіне шөп салған адам, не деп ақыл айтады, деп көпшілік продюсерді сынады

«Мемлекет көмектеседі деп тудыңыз ба?»: Баян Мақсатқызы көпбалалы аналарды сынға алды
фото: әлеуметтік желіден
737

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы көпбалалы аналарды сынады. Продюсер Umai әйелдер форумында спикер болып, бала тәрбиесіне қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

“Мемлекет бізге көмектеспейді дейтін әйелдерді түсінбеймін. Бала туарда мемлекет көмектеседі деп тудыңыз ба? Мемлекет міндетті емес. Бала туарда осы баланы баға аламын ба деп ойланған жөн. Мысалы, өзім үлкен қызымды туған соң, 2 айдан соң жұмысқа шығып кеттім. Ал кіші қызымды босанған соң, 20 күннен кейін жұмысқа шықтым. Себебі қазір жұмысқа шықпасам, елеусіз қалып, ұмытылатынымды білдім. Телеарнаға ешкім шақырмас еді. Қыздарымның мектептегі жиналысына, басқа да жерлерге баратын уақытым болмады. Есесіне олардың сапалы білім алуына барлық жағдайды жасадым. Мен ең бірінші өзімді ойладым. Бала үшін барымды беруге тиіспін, бала үшін өзімді құрбан етуім керек дейтін аяныш тудыратын сезімдердің керегі жоқ. Баламен таңнан кешке дейін бірге отырсам, жақсы шеше болғаным деп ойлайтындар бар. Алайда баланың қасында отырып, оған не үйреттің?!  Мәселе осында", — деді Баян Мақсатқызы. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, продюсердің сөзіне ермеуге шақырды. 

“Баянды тыңдағаның – ақырзаманның келгені”, “Бұл әйел ешкімге үлгі емес”, “Баянды тыңдамауға кеңес беремін”, “Мемлекет емес, құдай жеткізеді”, “Бірінші күйеуінің көзіне шөп салған адам, не деп ақыл айтады”, –деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Серіктес жаңалықтары