Текеліде трактор жүргізушісі 11 жастағы қызды басып кетті

/
Текеліде трактор жүргізушісі 11 жастағы қызды басып кетті
видеодан скриншот

Текеліде жаяу жүргіншілер өткелімен жолдан өтіп бара жатқан 11 жастағы қызды трактор басып кетіп, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жол апаты 3 қарашада болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Текелі қаласында болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Volvo маркалы доңғалақты экскаватордың жүргізушісі жол қиылысынан өту кезінде жаяу жүргіншілер өткелімен жолдан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан қыз бала көз жұмды. Кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысы Жетісу облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары