178
Атырау мұнай өңдеу зауыты уақытша жабылды
Кәсіпорын қазан айының аяғында қайта іске кіріседі.
Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды. Кәсіпорын қазан айының аяғында қайта іске кіріседі.
Жөндеу жұмыстарына 2 мыңнан аса адам мен 70 арнайы техника жұмылдырылған.
Олар технологиялық құрылғылар мен құбырларды тексеріп, реакторлық жабдықтардағы катализаторларды ауыстырады.
Қазір зауыттың резервуар паркінде жанар-жағармай қоры жинақталған, деп жазады qazaqstan.tv.
30 мың тонна бензин, 15 мың тонна дизель және 500 тоннадай сұйытылған газ қоры бар.
«Зиянды заттардың ауаға шығарылуын болдырмау үшін жабдықтарды тазалау жұмыстары жабық жүйеде жүргізіледі. Жалпы жоспарлы алдын алу жұмыстары зауыттағы технологиялық қондырғылардың қауіпсіз қызметі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, өндірістің тиімділігін арттыру үшін қажет. Бұл жыл сайын өткізілетін шара», – деді Мұнай өңдеу зауыты бас механигінің міндетін атқарушы Болатбек Есқалиев.