339
Астанада 20 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылды
Марқұмды сол маңдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары тауып, полицияға хабар берген.
Астананың полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«30 қыркүйекте 102-ге Майлин көшесінде бойжеткеннің мәйіті жатқаны жөнінде хабар түсті. Марқұмның кім екені анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді полиция.
Кейбір деректер бойынша бойжеткен жоғарғы қабаттан секіріп кеткен болуы мүмкін.