«Біреуі реанимацияда жатыр»: Екібастұзда екі жасөспірімді өлімші етіп сабаған

Осы фактіге қатысты іс тергеліп жатыр.

«Біреуі реанимацияда жатыр»: Екібастұзда екі жасөспірімді өлімші етіп сабаған
gov.kz
Автор
Админ
233

Екі жасөспірім ұлды 29 қыркүйек күні кешкі сағат 6-7 шамасында №21 мектептің маңында ұрып-соққан.

«Менің інімді аямай ұрып-соққан. Досы екеуін түнгі 00:30 шамасында ессіз күйлерінде таптық. Қазір ол реанимацияда жатыр. Қылмыскерлерді табуға көмектесулеріңізді сұраймыз. Күдіктілерді көрген-білгендеріңіз болса көмектесіңіздер», - дейді бір жасөспірімнің апасы.

Павлодар облысының Білім басқармасының ақпаратына сүйенсек таяқ жеген екі бозбала колледж студенті.

«2024 жылдың 29 қыркүйегінде кәмелетке толмаған екі бозбала түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, тегеу жүргізіп жатыр», - деді ведомство.

Полиция да оқиғаны растады.

«Денсаулыққа қасақана орташа зақым келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары