196
Қазақстанда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалы ашылады
Қазір Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды.
Бұл туралы «Еуразия кеңістігіндегі тұрақты даму және қауіпсіздік» атты конференцияда Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайтуда білім саласының маңызы зор екенін атап өтті.
– Бүгінде елімізде Ресейдің танымал жоғары оқу орындарының филиалдары табысты жұмыс істеп келеді. Қазақстанда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалын ашу жоспарланып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.