М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.
Otyrar.kz өңірлік басылымының хабарлауынша, бұл ақпаратты Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті растады.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпаратты жария етуге құқығымыз жоқ, - деп атап өтті аталған департамент басшысының ортынбасары Санат Құлбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында.
Сондай-ақ күдікті мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқаны нақтыланады.