Тұман, үсік: бүгін ауа райы қандай болады
28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан территориясының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз, салқын ауа-райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығыс, шығыс өңірлерінің таулы аудандарында атмосфералық фронттарға байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. ҚР бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктері аудандарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, Жетісу облысының сотүстігінде, орталығында 2-3 градус үсік күтіледі, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаіпі сақталады, Маңғыстау облысының шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.