Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан 1,5 млрд теңге талап еткен

Әуел баста Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан қанша қаражат талап етті?

Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан 1,5 млрд теңге талап еткен
Ғаламтор
Автор
Админ
458

Кеше Нүкеновтердің Бишімбаевтан материалдық және моральдық шығын өндіргені белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот шешімі бойынша Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Амангелдінің отбасына 6 877 682 теңге материалдық шығын, 10 млн теңге моральдық шығын өтеуі тиіс. Бірақ Айтбек Амангелді әлдеқайда көп сма сұраған.

«Талапкер өзінің және ата-анасының қайғылы жағдайды қиын өткергенін, денсаулығы нашарлап, еңбек қабілетін жоғалтқанын көрсеткен. Ата-анасының еңсесі түсіп кеткен, ашу мен ұйқысыздыққа бой алдырып, эмоционалды күйзеліске түскен. Денсаулықтарын тұрақты түрде бақылап отыру қажет. Талапкер қылмыстық іс аясында адвокаттардың жүріп-тұруы, ұшуы, т.б. заңгерлік қызметтерге шығындалған.  8 828 070 теңге материалдық шығын, 1 500 000 000 теңге моральдық шығын өндіруді сұрайды», - делінген сот құжатында.

Сот шешімімен экс-министр жәбірленуші тарапқа 4 750 000 теңге заңгерлік қызметтер шығынын, 312 338 теңге адвокаттардың тұруына кеткен шығын, 1 583 924 теңге ұшуға кеткен шығын, 231 410 теңге типография шығындарын төлеуі керек. Одан бөлек мемлекет кірісіне 70 623 теңге мемлекеттік баж өндіріледі.

Тараптар бір ай ішінде шешімге шағым түсіре алады.

Серіктес жаңалықтары