АЭС – энергетикалық дағдарыс мәселесін шешудің кілті

Атом электр станциясын салу жөніндегі референдум – мемлекетіміздің болашағы үшін стратегиялық маңызға ие.

АЭС – энергетикалық дағдарыс мәселесін шешудің кілті
Халықтық штаб
251

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Байтілесов Нұрсұлтан Төленұлы Сауран ауданындағы «Азим-Ата» шаруа қожалығының қызметкерлерімен, «Тұран» және №3 мектеп ұжымымен, Оранғай ауылындағы «Әл-Береке» шаруақожалық еңбек ұжымымен кездесті. 

Халықтық штаб мүшелерімен бірге өткен кездесулер барысында Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6 қазанда өтетін Атом электр станциясын салу жөніндегі референдум – мемлекетіміздің болашағы үшін стратегиялық маңызға ие екені айтылды. Сондықтан, еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірігіп, ел арасында үгіт насихат жұмыстарын бастағанын тілге тиек етті.

Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Төленұлы жиын барысында АЭС туралы маңызды ақпараттармен бөлісіп, бұл жобаның уақытылы қолға алынып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, алдағы 10-15 жылда елімізде электр энергиясының тапшылығы туындау ықтималдығы жоғары. Бұған демографиялық өсім мен кәсіпкерлік нысандардың артуы әсер етуде. Бұл мәселелердің шешімін табу үшін АЭС салу қажеттігі айтылды.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында АЭС салу мәселесін көтерді. Бұл – уақытылы қозғалған тақырып. Егер қазірден бастап әрекет етпесек, энергетика саласында күрделі проблемалар туындауы мүмкін», – деді Н.Байтілесов.

Сондай-ақ, кездесу барысында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева АЭС салу жөнінде қоғамда түрлі пікірлер мен қауесеттердің таралып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай маңызды жобаларға қатысты кері пікірлердің болуы қалыпты жағдай, бірақ азаматтар сарапшы мамандардың пікіріне сенуі керек.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан көптеген сауалдар қойылды. Азаматтар АЭС құрылысына қажетті кадрлар мен ресурстар мәселелеріне қатысты алаңдаушылықтарын білдірді. Халық қалаулысы бұл мәселелердің шешімі табылып  бар екенін және арнайы сарапшылармен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары