сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Тамара Дүйсенова азаматтарды онлайн қабылдады

/
Вице-премьер әр азаматтың мәселесін жеке қарастырып шешу қажеттігіне назар аударып, тиісті тапсырмалар берді.

Мазмұны

    ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауыда азаматтарды онлайн қабылдады.

    Кездесу барысында әскери қызметкерлерді зейнетақымен қамту, Семей ядролық полигоны аймағында тұратын азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде мәселелер көтерілді. Сондай-ақ сот актілеріне қатысты сұрақтар да қойылды.

    Кездесуге мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, қойылған сауалдарға жауап берді. Вице-премьер әр азаматтың мәселесін жеке қарастырып шешу қажеттігіне назар аударып, тиісті тапсырмалар берді.

    Бөлісу: