Астанада аулада тұрған автокөлік өртке оранды

Қасында тұрған көлікті де жалын шарпыған.

Астанада аулада тұрған автокөлік өртке оранды
видеодан скриншот
Автор
Админ
190

Бүгін Есіл ауданында аулалардың бірінде тұрған автокөлік өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жанып жатқан көлікті тұрғындар таспаға түсіріп алған. Өрт сөндірушілерді шақырған.

«Таңертең Есіл ауданында автокөлік жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеке құрамның бес қызметкері мен бір техника аттанды. Өрт сөндірілді», - деп хабарлады Астана Төтенше жағдайлар департаменті.

Көліктің жүк салғышы мен салоны өртенген. Қасында тұрған автокөлікке де зақым келген.

Серіктес жаңалықтары