407
Семейде 4 мың теңге пара алған шенеунік сотталды
Жергілікті шенеунік 5 адамға тиісті құжаттарын тез рәсімдеп беремін деп уәде еткен.
Семей ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы бес азаматтан 4 мың және 25 мың теңге аралығында пара алғаны үшін істі болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жергілікті шенеунік 5 адамға тиісті құжаттарын тез рәсімдеп беремін деп уәде еткен.
«Сот ауыл шаруашылығы бөлімінің басшының міндетін атқарған адамды Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған мынандай жаза тағайындады – ол 2,9 млн теңге айыппұл төлейді және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - деп хабарлайды Семей соттарының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, пара берген бес адам да кінәлі деп танылып, оларға - 60 мыңнан 375 мың теңге аралағында айыппұл салынған. Және олар да енді өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.