«Қатыгездікпен өлтіріп, миллиондарын ұрлаған»: Алматыда Әл-Бейне Зарипованың күйеуіне үкім шықты

Жазасын жеңілдету үшін полицияға жасаған қылмысы жайлы өзі хабар берген.

«Қатыгездікпен өлтіріп, миллиондарын ұрлаған»: Алматыда Әл-Бейне Зарипованың күйеуіне үкім шықты
Ғаламтор
Автор
Админ
573

Алматы соты күйеуі өлтірген Әл-Бейне Зарипованың ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қанды оқиға биылғы қаңтарда Алматы қаласында болған. Әл-Бейне күйеуі Сабыржанмен ажырасып, Астанаға көшкісі келген. Алматыға ұшып келген күні қызымен кездесіп, ажырасу туралы ойын айтпақ болған.

Әуежайдан оны күйеуі Сабыржан күтіп алып, «көзіме шөп салдың» деп айыптап, өзі алдын-ала пышақ жасырып қойған ғимаратқа кіргізіп алған.

«Жұбайымен алдағы ажырасу жайлы сөйлескен кезде Сабыржан Зарипов әйелдің мойынына, белі мен ішіне бірнеше рет пышақ сұққан (10 рет пышақталған). Әл-Бейне алған жарақатынан сол жерде жан тапсырған», - делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Содан кейін Әл-Бейненің телефонын алып, Әл-Бейне жұмыс істеген компания шотынан өзінің Жеке кәсіпкерлік шотына 4,7 млн теңге аударып алған. Бұны болашақта қызын бағып-қағу үшін істеген-мыс. Қызды әпкесіне қалдырған.

Содан кейін полицияға хабарласып, ісін мойындап, полиция қызметкерлерін күткен.

Сотта Әл-Бейненің жүйелі түрде «көзіне шөп салғанын» айтқан кезде ішкі толқынысына ие бола алмай, осындай қылмысқа барғанын айтқан.

Сот Сабыржан Зариповты 15 жылға бас бостандығынан айырды. 4,7 млн теңге материалдық шығын, сондай-ақ бес жәбірленушіге 50 млн теңге моральдық шығын өндірді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары