Баян Алагөзованың актриса ретінде алатын гонорары белгілі болды

Айгүл Иманбаева Баян Мақсатқызының бір фильмге қанша гонорар алатынын мәлім етті.

Баян Алагөзованың актриса ретінде алатын гонорары белгілі болды
скриншот/YouTube
943

Белгілі актриса, әнші Айгүл Иманбаева өнердегі әріптесі Баян Мақсатқызының бір фильмге қанша гонорар алатынын мәлім етті.

Екі өнер иесі «Көке» фильміне түскен. Киноның продюсері Айгүл Иманбаева құрбы екендерін айтып, актрисаға бір тиын да төлемеген.

«Масқара болғанда, Баянға бір тиын төлеген жоқпын. Жалпы Баян түсірілім алаңында күніне миллион теңге алады. Ең қымбат актриса. Бірақ Баянмен 25 жылдық достығымыз бар. «Айгүл, мен келемін» деді. «Мен сенің бір киноңа жоқ демедім» деп көзімді алартып бастап едім, «Жақсы, жарайды түсіндім, мен барамын» деді. Солай келді», – деді Айгүл Иманбаева.

Серіктес жаңалықтары