Маңғыстау-Нүкіс бағытында жүретін жолаушылар пойызы өртенді

Маңғыстау-Нүкіс бағытында тепловозда болған ақауға байланысты жолаушылар пойызының вагонаралық қосылыстарында өрт болды.

Маңғыстау-Нүкіс бағытында жүретін жолаушылар пойызы өртенді
816

Машинистің жедел әрекетінің арқасында өрт тез сөндірілген. Алайда пойыз Өзбекстанның Нүкіс станциясына 1 сағат 3 минутта кешігіп барды, деп хабарлады turkystan.kz.

"Маңғыстау-Нүкіс бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын пойызда оқыс оқиға болды. Бүгін сағат 14:47-де тепловоз турбокомпрессорының Б бөлімінен ұшқындар шыға бастады, бұл вагонаралық қосылыстардағы мамандандырылған резеңке-техникалық пластиналардың (суфле) өртенуіне әкелді. Машинистің қырағы әрекеті пойыздың қозғалысын тез тоқтатуға мүмкіндік берді және сағат 14:50-де өрт сөндірілді. Жолаушылар қауіпсіз, ал вагондар бүтін күйінде қалды", - делінген "Өзбекстан темір жолдары" АҚ-ның түсініктемесінде.

Локомотив жөнделіп, реостат тексерілгеннен кейін, пойыз 15:30-да қозғалысты қайта бастаған.

Серіктес жаңалықтары