Ерасыл Сәулебеков ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

81 келіге дейінгі салмақта Сәулебеков қоссайыста (154+190) 344 келі нәтижемен өнер көрсетті.

Ерасыл Сәулебеков ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Sports.kz
428

Қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.

81 келіге дейінгі салмақта Сәулебеков қоссайыста (154+190) 344 келі нәтижемен өнер көрсетті. Осы көрсеткіштің арқасында Ерасыл серпе көтеруде күміс, құрама сайыста қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 73 келіге дейінгі салмақта 17 жасқа дейінгі екі дүркін әлем чемпионы (Мексика 2022, Албания 2023), сонымен қатар Қазақстан Республикасының рекордшысы.

Осыған дейін Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен WKF каратэден ересектер арасындағы XX Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алғанын жаздық.

Серіктес жаңалықтары