Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ораз Тәуірбеков облыс әкімінің орынбасары болды.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Әкімдік
Автор
Админ
308

Ол бұған дейін Теміртау қаласының әкімі қызметін атқарған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кадрлық өзгерістер жайлы аппарат кеңесінде облыс басшысы Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді.

«Құсайын Ерлан Бейсембаев басқа жұмысқа тағайындалуына байланысты лауазымынан босатылды. ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Тәуірбеков Ораз Қайсаұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды», - деді Е.Бөлекпаев.

Ораз Тәуірбеков денсаулық сақтау, еңбекпен қамту және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне жетекшілік етеді.

Ол бұған дейін салық қызметінде, облыстық басқармаларда жұмыс істеген. Коммерциялық салада да лауазымды қызметтер атқарған.

Жеті жыл Қарағанды облысының Ревизиялық комиссиясының мүшесі болды.

Балқаш қаласының әкімі болған. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Теміртау қаласының әкімі қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары