«Жамбасы сынса да концертке келген»: Димаштың жанкүйері жұртшылықты таңғалдырды

Валентина Толмачёва – бірнеше жылдан бері Димаштың шығармашылығын үзбей бақылап келе жатқан жанкүйер.

«Жамбасы сынса да концертке келген»: Димаштың жанкүйері жұртшылықты таңғалдырды
Автор
Админ
457

Астанада Димаштың концерті өтетін күні жамбас сүйегін сындырып алса да, сүйікті әншісінің кешіне барып, 7 сағат отырған. Бұл туралы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Ол жамбасын концерт болатын күні кешкі сағат төртте сындырған. Бірақ сол күйі концертке барып, жедел жәрдемді тек 7 сағат өткен соң, түнгі 01:00-де шақырыпты. Ауруханаға жеткізіп, ота жасаған.

«Мен Димашты әнші ретінде өте жақсы көремін, адам ретінде құрметтеймін және бұл оқиғаны өткізіп алуға болмайды деп ойладым. Сырттай күліп отырмын, ал ішімде не болып жатқанын білсеңіз ғой... Бірақ менде ертерек кету немесе бармай қалу туралы ой болмады. Әрбір әннен ләззат алып отырдым. Ойлап қарасам, тағы да құлап қалуым мүмкін, бірақ Димашты енді көрмеуім де ғажап емес», - дейді өзі.

Валентина Толмачёва қазір күйеуі Павелмен бірге "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрады. 2008 жылдан бастап олар Павлодар интернатында тұрған, осыдан 5 жыл бұрын елордаға көшіп келді. 24 қазанда Астанада тұрып жатқандарына 5 жыл толады.

Света Айтбаева Димаштың жанкешті жанкүйеріне барып, қал-жағдайын біліп қайтқан.

«Валентина Толмачёвамен біраздан бері телефонмен сөйлесіп жүретінбіз. Димаштың концертіне келгісі келетінін айтқан кезде қуана шақырып едім. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға арналған пансионатта тұратынын білетінмін. Бүгін біздер бірінші рет кездестік. Жамбас сүйегі сынып, операциядан шығып отырса да, жүзінен нұры төгіліп, әдемі күлкісімен баршамызды баурап алды», - деп жазды әншінің анасы.

 

Серіктес жаңалықтары