Мұғалім ағасы 10 жыл бойы зорлап келген қыз әділдік сұрады (ВИДЕО)

Бас прокуратураға бүкіл істі 2017 жылдан бастап тексеру ұсынылды

Мұғалім ағасы 10 жыл бойы зорлап келген қыз әділдік сұрады (ВИДЕО)
istockphoto.com
1263

Бойжеткен өзіне ауылдағы мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі болған туысқан ағасының 6 жасынан бастап азғындық жасап, 16 жасқа дейін зорлап келгенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл туралы заңгер Ләззат Рақышева өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Ол Бас прокуратураға бүкіл істі 2017 жылдан бастап тексеруді ұсынды.

Мен 10 жылдан аса тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келдім. Туысқан ағам Жұмаханов Е. маған 6 жасымда өзінің жыныстық мүшесін, менің қалауымсыз түрлі порнографиялық видеолар көрсететін. 16 жасыма дейін өзінің ойын іске асырып келді. Мен құзырлы органдарға, жоғары органдарға арыз жаздым. Біздің Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қарсы заң болса да әлі күнге дейін күшіне енбеген бе? Бір жылдың ішінде дәлел шығып тұрса да тергеуді жауып тастап отыр. Еркебек мектепте мен тұрған ауылда денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген, - дейді қыз.

Заңгердің пікірінше, аяғына дейін жетпеген бұл істі қайта тергеуге алуға болады.

Серіктес жаңалықтары