Ғалым тура 8 сағат ұйықтау шарт емес екенін мәлімдеді

Ол қытай ғалымдарының зерттеуіне назар аударып отыр

Ғалым тура 8 сағат ұйықтау шарт емес екенін мәлімдеді
istockphoto.com
634

Ұлыбританиядағы Лофборо университетінің профессоры Кевин Морган күніне 8 сағат ұйықтау туралы кеңес барлық адамға сай келе бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz Daily Mirror порталына сілтеме жасап.

Профессордың айтуынша, соңғы зерттеулер 8 сағаттық ұйқының пайдасы туралы мифті жоққа шығарған. Ол адамдардың көбі күніне 7-ден 9 сағатқа дейін ұйықтау керек екенін айтты. Алайда бұл көрсеткіштерден жоғары және төмен ауытқулар болуы мүмкін.

Бұл ретте сомнолог жұмыс күндеріндегі ұйқының жетіспеушілігін демалыс күндері ұзағырақ ұйықтау арқылы толтыруға болатынын дәлелдеген қытай ғалымдарының зерттеуіне назар аударып отыр. 

Компенсаторлық ұйқының артықшылықтарын демалыс күндері 1,28 сағатқа көбірек ұйықтау арқылы байқап көруге болады, – деді Морган.

Серіктес жаңалықтары