Астана қаласында «Хан Шатыр» алдында іш киімін шешкен қыз жауапқа тартылды.
«Интернетте ұзақ уақыт болмағаннан кейін байланысқа шығып отырмын. Тиісті органдар байланысқа шықты. Мен өз әрекеттерім үшін жауапқа тартылдым», - деді ол.
Алайда бұл видеода нақты қандай шаралар қолданылғаны айтылмады.
Полиция бұған дейін 20 жастағы жас қыз әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлаған болатын. Сот шешімімен оған айыппұл салынған.