Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Ш.Сейлжанов 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды..

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)
сурет ашық дереккөзден алынды
321

Полиция қызметкерлері автоматтандырылған жүйелерден түсірілген бейнежазбаны қарау аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлады turkystan.kz. 

«Бұл - 2003 жылы туған Ш.Сейлжанов болып шықты. Ол тәртіп бұзушылықты түнгі бірде «БМВ» көлігімен Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында жасаған. Жол қозғалысының басқа да қатысушыларына нақты қауіп төндіретін жүргізушінің жол берілмейтін әрекеттері. Жол қозғалысы ережесін бұзушыға бес құқық бұзушылық дерегі бойынша хаттамалар толтырылды, атап айтқанда, ұсақ бұзақылық, қауіпсіздік белдігін тақпау, дұрыс емес жерден бұрылу, жолдың бетін зақымдау және түнгі уақытта тыныштықты бұзу. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», - деді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Ш.Сейлжанов 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары