753
«Баласын бауырыма салып бермек болды»: Көптен бері сәби сүйе алмай жүрген актер досының жанашырлығын айтты
Әлеуметтік желіде «Елдос Колобок» атымен танылған Елдос Қадырханов көптен бері сәйби сүйе алмай жүр.
Ол бұған дейін де кінәрат келіншегінен емес, өзінен екенін, үзбей ем алып жүргенін айтқан болатын.
Актер «Taboo» бағдарламасына берген сұхбатында жақын досының жанашырлығы жайлы айтты.
«Досым келіншегі екеуі ақылдасып, үшінші балаларын біздің бауырымызға салып бермек болды. Олар әуелде іштегі баланың ұл я қыз екенін өздері де білмеген. Бірақ екеуі ата-аналарымен ақылдасып, баланы бізге береміз деп айтқан. Бәрі соған келіскен. Сосын ниетін маған айтты. Мен үйдегілермен ақылдастым. Сонда үлкенлер «Не баланы, не досыңды таңда. Ертең балаға ұрсып жатқаныңды көрген кезде досыңа ол ауыр тиеді» деді. Ойлана келе біз баланы алмаймыз деп шештік. Кейін досымның келіншегі ұл тапты. Есімін Елдос деп қойды. Ол менің кіндік балам», - дейді актер.