553
73 жастағы анасын ұрып-соққан Ақмола облысының тұрғыны қамауға алынды
Ақмола облысының тұрғыны қарт анасын ұрып-соққаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
17 қыркүйек күні Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданының 73 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Тексеру шаралары кезінде белгілі болғандай, кейуананың 1991 жылғы ұлы туған анасын ұрып-соққан. Полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталып, сот-медицина сараптамасы тағайындалды.