Атасы мен немересі мінген квадроцикл аударылып, салдарынан кішкентай бала көз жұмды.
"56 жастағы ер адам өз үйінің ауласында "POLARIS" маркалы квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған. Салдарынан қасында отырған 4 жасар бала жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға түсті, өкінішке орай, көп ұзамай бала көз жұмды. Квадроциклдің жүргізушісі де орталық ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.