«Алтыналмас» кен-байыту кешенінде бір жұмысшы қайтыс болды

Тау жынысы құлап, жұмысшыны басып қалған.

«Алтыналмас» кен-байыту кешенінде бір жұмысшы қайтыс болды
istockphoto.com
Автор
Админ
273

Жамбыл облысында «Алтыналмас» АҚ кен-байыту кешендерінің бірінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына апаттық – құтқару отряды келіп, іздеу – құтқару жұмыстарына кіріскен.

«Тау жынысының қозғалысына және күрделі географиялық жағдайларға байланысты аумаққа кіру қиын. Компанияда жазатайым жағдайға байланысты тергеу басталды. Үйінді астында қалған жұмысшысы табу үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр», - деді компанияның баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылған. Комиссия оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары