Жас айырмашылығы көп жұлдыздар: 25-30 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан кімдер?

Елімізде жас айырмашылығы ширек ғасырдан асып түсетін жұлдызды жұптар аз емес.

Жас айырмашылығы көп жұлдыздар: 25-30 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан кімдер?
Автор
Админ
3777

Бұл көшті әйгілі әнші Нұрғали Нүсіпжанов бастап тұр. Ол 2019 жылы өзінен 42 жас кіші Жадыра Сейдешке үйленген еді. Бұл әншінің үшінші некесі болса, журналист Жадыраның бірінші некесі. Нүсіпжановтың алғашқы екі некесінен туған 5 қызы бар.

Аңызға айналған Асанәлі Әшімовтың жұбайы Бағдат Әшімова 34 жас кіші. Бұл актердің төртінші некесі. Бірінші жары Майра Аймановадан ұлдары – Мәди мен Сағи туған. Екінші жары Гүлбанудан Олжас атты ұлы, үшінші жары Маржаннан Сағина есімді қызы, ал қазіргі жұбайы Бағдат Әшімовадан Асанәлі есімді ұлы бар.

Сатирик Көпен Әмірбек екінші жұбайы Әйгерім Асановадан 36 жас үлкен. Жұбаныш атты ортақ ұлдары бар, қазір тоғыз жаста. Ал сатириктің бірінші некесінен Қуаныш атты ұлы мен бір қызы бар.

Танымал жазушы Әкім Таразидің жұбайы Роза Мұқанова 31 жас кіші. Ерлі-зайыптыларды әдебиет табыстырған. Ерлі-зайыптылардың бір қыз, бір ұлы бар. Әкім Таразидің бірінші некесінен үш қызы бар.

Актер Тұңғышбай Жаманқұловтың екінші жары, белгілі актриса Дария Жүсіп 24 жас кіші. Дария актердің шәкірті болған. Ерлі-зайыптылар үш баланы тәрбиелеп отыр. Тұңғышбай Жаманқұловтың бірінші жарынан үлкен үш баласы бар.

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі болған Серікбай Нұрғисаев танымал әнші Гүлнұр Оразымбетовадан 21 жас үлкен. Екеуінің ортақ екі ұлы бар. Серікбай Өрікбайұлының алғашқы некесінен үш баласы бар.

Актер Сәбит Әбдіхалықов үшінші рет өзінен 16 жас кіші актриса Динара Абдуллинаға үйленді. Қазір екі ұл тәрбиелеп отыр. Ал бірінші жары Айгүл Иманбаевадан бір ұлы, екінші жары Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар.

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы Қайрат Беркінбаев 12 жас үлкен болған. Екеуінің ортақ екі ұлы бар. Марқұм Қайрат Беркінбаевтың бірінші некесінен екі ұлы, екінші некесінен бір қызы бар.

Әнші Айқын Төлепберген 2017 жылы өзінен 14 жас кіші Жұлдыз Өмірғалиға үйленді. Қазір ерлі-зайыптылар Санжар атты ұл мен Айя есімді қыздарын тәрбиелеп отыр. Одан бөлек Айқын Төлепбергеннің бірінші некесінен Аңсар атты ұлы мен Асылым есімді қызы бар.

Дәурен Айдарқұлов та өзінен 14 жас кіші Ақбота Сейтмағамбетке үйленіп, ажырасып кеткен болатын. Ерлі-зайыптылардың арасында ортақ екі бала бар. Ал Дәуреннің бірінші некесінен үш баласы бар.

Қарап отырсақ өзінен жасы әжептәуір үлкен азаматтарға тұрмысқа шыққандар саны әлдеқайда көп.

Ал өзінен жасы үлкен қыз-келіншектерге үйленген жігіттер санаулы. Олардың көшін Райым бастап тұр. Ол өзінен 12 жас үлкен Ерке Есмаханға үйленіп, елді бір шулатқан еді. Ал режиссер Олжас Смағұлов Мәдина Сәдуақасовадан 7 жас, Әрсен Мереке Қалбаевадан 6 жас кіші.

Серіктес жаңалықтары