Министрлік қызметкеріне 65 млн теңге пара бермек болған азамат 10 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енді.

Министрлік қызметкеріне 65 млн теңге пара бермек болған азамат 10 жылға сотталды
istockphoto.com
Автор
Админ
238

ЖШС директоры К 2021 жылдың сәуірінде пара беруге итермелеу арқылы алаяқтық жасау мақсатында М есімді азаматшаны алдап, төленген салық мөлшерін арттыру мәселесін шешу үшін Қаржы министрлігінің лауазымды қызметкерлеріне 65 млн теңге ақша беруге көндірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот үкімімен К алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу баптары бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның кінәсі куәгерлердің сөзімен, тергеу амалдарымен, сараптама қорытындыларымен дәлелденген.

Серіктес жаңалықтары