Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto.com
188

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

19 қыркүйекте Петропавл, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай және Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары